Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккен 3740 отбасыға бір реттік төлем берілді
Атырау облысының Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен 3 740 отбасы бір реттік төлем алды.
14:07 10.05.2024
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, 3 906 отбасынан біржолғы төлем алуға өтініш түскен.
«Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем беру жөнінде шешім қабылданған еді. Осыған байланысты қазір Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері отбасылардан өтініш қабылдауды жалғастырып жатыр. Осы кезге дейін Жылыой ауданында зардап шеккені дәлелденген 3 740 отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем берілді. Төленген қаржы 1 млрд 380 млн теңгеден астам соманы құрайды», - деп хабарлады Азамат Мәмбетов.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!