{metadescription}
0:000:00

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Жантүршігерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үш адамның өмірін қиған апат 8 мамыр күні Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41 шақырымында болды.

«Mitsubishi Lancer жүргізушісі рульге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан. Ал, инерция бойынша Nissan Cefiro жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды. Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты», - деп хабаралады ведомстводан. 

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде