Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды.
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
17:45 10.05.2024
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды.
Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен ваззари, кейін иппон ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!