{metadescription}
Күн сәулесінде ең қуатты жарқыл болды

Күн сәулесінде ең қуатты жарқыл болды

Жұма күні Күн бетінде жоғары класты қуатты жарқырау болды. Бұл – Күннің соңғы үш айда екінші рет қуатты жарқырауы.

Бұл туралы ресейлік қолданбалы геофизика институтының мамандары хабар таратты, деп жазады ТАСС.

«10 мамырда Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:54-те (Астана уақыты бойынша 11:54) рентген диапазонында 3664 (S17W34) күн дақтары тобында ұзақтығы 39 минут болатын X3,9 алауы анықталды. Оқиға қысқа толқынды радиобайланыстың үзілуімен қатар жүрді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 10 мамырда жеті М класты алау тіркелді. 35 минутқа созылған X6.4/3B ең күшті алау 23 ақпанда тіркелді. 6 мамырда X4,5 алауы тіркелді. Соңғы екі аптада ең жоғары X класының 10 рет қайталануы болды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде