Толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 50 адам мерт болды
Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бағлан провинциясында маусымдық жаңбырдан кемінде 50 адам қаза тапты, деп хабарлады BBC Талибан билігіне сілтеме жасап.
12:09 11.05.2024
Associated Press агенттігі провинцияның табиғи апаттарды жою кеңсесінің директорына сілтеме жасап хабарлағандай, су тасқыны сонымен қатар бірнеше ауданда үйлер мен мүліктерге зақым келтірген.
«Көз жұмғандар саны артуы мүмкін, өйткені із-түзсіз кеткендер өте көп», - дейді директор.
Табиғи апаттарды басқару министрлігіндегі талибан өкілінің айтуынша, су тасқыны Кабулға да әсер еткен.
Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және өзге де көмегі бар құтқару топтары жіберілген.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!