Риддерде жаз бойы ыстық су болмайды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жаз бойы ыстық су болмайды.
Фото: Pexels
15:43 12.05.2024
Риддерде жылу желілерін ауыстыру және жылу электр орталығында ауқымды жөндеу жұмыстары басталды.
Соған байланысты қалада 10 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында тұрғын үйлер мен мекемелерде ыстық су болмайды.
«Өткен жылдың жазы мен күзінде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қолға алынып, қиын жағдай тұрақтандырылған болатын. Осылайша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өтті. Биыл да жөндеу жұмыстары жалғасады. Былтыр жөндеумен қамтылмаған қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды, қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр», — деп хабарлады қала әкімдігінен.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 18,9 шақырым болатын жылу желілерінің 55 учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілмек.
«Барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр. Олардың орындалу барысы үнемі бақылауда болады» делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!