{metadescription}
Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді

Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді

Елордада жолаушы есту қабілетінен айрылған таксиске тіл тигізіп, ауыр сөздер айтқан. Бұзақы қамауға алынды.

«Есту қабілеті бұзылған такси жүргізушісіне балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қаланың 38 жастағы тұрғыны балағат сөздер айтқаны, қорлағаны және мүмкіндігі шектеулі адамды құрметтемегені үшін жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді», - делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында. 

Ақпаратта айтылғандай, сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Ол Астана қаласы Полиция департаментінің әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы орынға қамалды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.