{metadescription}
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

2024 жылы 13 мамырда азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша айыпталушы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті.

Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған экс-министрдің інісі Бақытжан Байжанов сот үкімімен 4 жылға сотталды. 

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайы – Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан болатын. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.