Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 14 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
08:06 14.05.2024
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР арқылы жылжи отырып, найзағайлы жаңбыр, солтүстік пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ әкеледі.
«Тек елімідің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігі мен орталығында дауыл, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді», - деп жазды ведомство.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!