Павлодарда қоныс аударуға бөлінген қаражат жымқырылған
Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
11:14 14.05.2024
Бағдарламаның саясаты бойынша ниетті азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру болатын. Талап бойынша көшіп келушілер сатып алатын баспананың 50%-ын мемлекет өтейді. Алайда үйдің құны 4,2 миллион теңгеден аспауға тиіс. Прокуратура анықтағандай, бюджет қаражатын максималды тұрғыда жымқыру үшін үйлердің құны 8 миллион теңгеге дейін асыра бағаланған. Тұтас схема бойынша бюджет қаражатын иемденгендер қараусыз қалған үйлерді 500 мың теңгеден бастап сатып алса да, құжат жүзінде 8 миллионға дейін бағалап, жымқырған.
Бұл ретте жергілікті тұрғындар көптеп көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекеннің жойылғанын атап өту керек. Тек 6 ауданның өзінен 600 млн теңге шығын анықталып отыр.
Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді. Тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!