{metadescription}
Жұмыста жүріп мүгедек боп қалған ақтөбелік 12 жылдан соң өтемақы өндіріп алды

Жұмыста жүріп мүгедек боп қалған ақтөбелік 12 жылдан соң өтемақы өндіріп алды

Ақтөбе қаласының №3 сотында құрылыста жүріп, мүгедек болып қалған жұмысшының арызы қаралды. Ол жұмыс берушіден 6 млн теңге өндіріп алды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны өндірістік жарақат алып, моральдық шығынды өтеу жөнінде шағым түсірді. Іс Ақтөбе қаласының №3 сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, талап қоюшы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде биіктен құлап, үшінші топтың мүгедегі болып қалған. Өз кезегінде жауапкер талап арызбен келіспей, талап қою мерзімін қайта қарауды сұрады. Себебі оқиға 2012 жылы болып, қала тұрғыны арада 12 жыл өткенде ғана шағым түсіріп тұр.

- Сот отырысында сараптама тағайындалып, оның денсаулығына ауыр түрде зиян келгені дәлелденді. Сот анықталған мән-жайларды қорытындылай келе, талап заңды негізді деп есептеді. Азаматтық кодекстің 187-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтың денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға мерзiм қолданылмайды. Сондықтан жауапкердің талап қою мерзімін қолдану туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырды. Сот шешімімен талап қоюшының пайдасына 6 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы №3 сотының баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде