ҰБТ-да ерекше қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің ҰБТ-ны ыңғайлы тапсыруы үшін жағдай жасауда.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
14:11 16.05.2024
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов айтып берді.
«Өткен жылдардағыдай, 2024 жылғы ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталады. Көру қабілеті бұзылған балалардың ыңғайы үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді», - деді Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді.
«Егер 2021 жылы ҰБТ-ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», - деді спикер.
Айта кетейік, Қазақстанның 14 өңірінде негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 облыста ҰБТ 25 мамыр-12 шілде күндері өтеді. Соңғы жылдары талапкерлер биология-химия комбинациясын жиі таңдай бастаған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!