{metadescription}
Маңғыстау облысының прокуроры ауысты

Маңғыстау облысының прокуроры ауысты

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

А.С. Майлыбаев еңбек жолын 2001жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. 

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.

Прокуратура органдарының құрметті қызметкері Айдос Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.