Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
10:18 18.05.2024
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әлі де ел аумағына өз әсерін сақтайды. Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Батыста, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысында солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары