Сарыағашта жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі өлі табылды
Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылған.
Фото: Instagram\Гүлмира Абықай
09:13 19.05.2024
«3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына.
Мәлім болғандай, оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!