Республиканың басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады
Еліміздің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.
09:02 20.05.2024
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады және боран соғады.
Республика бойынша жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстанның батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!