Қор нарығында доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
16:49 20.05.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,15 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 443,72 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,44 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 442,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 444,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 441 теңге, сатып алу құны — 446 теңге.
Ресей рублі 4,85 — 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары