Биржадағы алтын бағасы тарихи рекордты жаңартты
Биржадағы соңғы ақпараттарға сүйенсек, Нью-Йорктегі Comex биржасындағы маусымдық алтын фьючерстерінің бағасы 35,2 долларға немесе 1,46%-ға өсіп, әр унциясы 2452,6 долларға дейін жетті. Ал шілдедегі күміс фьючерстері 3,5%-ға, әр унциясына — 32,352 долларға дейін артып отыр.
18:42 20.05.2024
АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі күзде негізгі мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген болжам бар. Сәйкесінше, алтынның құны төмендемей, керісінше көтеріліп келеді.
CME Group мәліметінше, инвесторлардың шамамен 65%-ы биыл қыркүйек айында дисконттау мөлшерлемесінің төмендегенін күтіп отыр.
Дәстүр бойынша АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесіндегі ақша-несие саясатының әлсіреуі доллар бағасын ұстап, алтынның құнын сақтайтынын атап өткен жөн.
Сондықтан да, қалталылар ұйқысынан тұра сала биржаға назар аударады.
Сондай-ақ, инвесторлар осы сәрсенбіде Федрезервтің мамыр айындағы отырысының хаттамасы жарияланатынын күтеді.
Құжатта реттеушінің дисконттау мөлшерлемесін төмендету мерзімдері бойынша мүмкін болатын жоспарлары туралы ұсыныстар, кеңестер болуы мүмкін.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!