Павлодарда тергеу изоляторына жіберілген сәлемдемеден ұялы телефон табылды
49 жасар азамат құрма салынған қорапқа ішінде SIM картасы бар ұялы телефонды мұқият жасыруға тырысқан.
Фото: Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
08:11 21.05.2024
Сәлемдемені қабылдау кезінде ренгтен аппараты жасырылған затты анықтап берді.
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №63 мекемесінде сотталғандарға сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу кезінде рентген аппаратының көмегімен пайдалануға тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді.
«49 жастағы павлодарлық азамат әкелген құрма қорабынан аса ұқыптылықпен ішіне оралған телефон мен SIM карта табылды. Тыйым салынған сәлемдемені сотталушының танысы әкелген. Тексеру тобының қырағылығының аталған заттар анықталып, тәркіленді. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жіберілді. Сотталғандармен және олардың туыстарымен мекемеге барған кезде тыйым салынған заттарды беруге болмайтыны туралы тұрақты негізде әңгіме жүргізіледі. Алайда келушілер заң алдындағы жауапкершіліктеріне қарамастан, мұндай құқық бұзушылықтарға барады»,-дейді №63 мекеме басшысы Берік Рахымов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!