{metadescription}
Су тасқыны: Өзбекстан елімізге гуманитарлық көмек жіберді

Су тасқыны: Өзбекстан елімізге гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп жазады Өзбекстанның uza.uz агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, гуманитарлық жүкті қалыптастыруға және белгіленген жерге жеткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударылған Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды.

Гуманитарлық жүкті Қазақстан Республикасына Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Худойбергенов бастаған жұмыс тобы жеткізеді.

15 ірі жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік, әйелдер, балалар және ерлердің сыртқы киімдері, көрпе-төсек, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті тауарлар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде