Маңғыстауда балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды
Қылмыстық дерек Жаңаөзен қаласында тіркелген.
Фото: gov.kz
12:22 22.05.2024
Прокуратура екі бірдей мемлекеттік балабақшаның бюджетінен қаражат ұрлау фактісін анықтады. Тексерулердің нәтижесінде екі балабақшадан қаражат жымқырған бір бухгалтер болып шықты. Ол өзінің жеке шотына жалпы сомасы - 30 миллион теңгені заңсыз аударған.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен, оған шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ал, 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық көлемде қайтарылды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!