{metadescription}
Атырауда тасқын судың ортасынан 80 жылқы қауіпсіз аумаққа шығарылды

Атырауда тасқын судың ортасынан 80 жылқы қауіпсіз аумаққа шығарылды

Атыраулық құтқарушылар тасқын судың ортасынан 80 жылқыны қауіпсіз аумаққа шығарды. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Қайыршақты ауылдық округінде тіркелген шаруа қожалығының шаруашылығы тасқын судың ортасында қалған.

«Осыған байланысты қожалық жетекшісі құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары су ортасында қалған 4 үйірдегі 80 жылқыны қауіпсіз жерге айдап шығарды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Құтқару жұмыстарына 18 адам, 8 қайық, 4 техника тартылған. Бүгін құтқару жұмысы жалғасады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде