Елімізде пәтер және мүлік иелері кооперативіне жауапкершілік күшейеді
Сонымен қатар жаңа заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі де айқындалмақ.
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
13:48 22.05.2024
Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізілді.
«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобасының мақсаты – тұрғын үй қорын басқару жөніндегі қызметті жетілдіру, басқару процестерін цифрландыру. Пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктеріне арналған бірыңғай талаптарды белгілеу. Сонымен қатар тұрғын үй инспекцияларының функцияларын кеңейту», - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі айқындалады.
«Сондай-ақ, үйлерді басқару жүйесіне қатысушыларға әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Заң жобасын жұмысқа алуға және олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайынбыз», - дейді ол.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!