Алматыда топырақ көшіп, өзен арнасын жартылай жауып тастады
Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында батпақтану салдарынан көлемі 30 текше метр үйінді топырақ түсіп, Кіші Алматы өзенінің арнасы жартылай жабылды.
Фото: istockphoto.com
17:43 22.05.2024
«22 мамырда Түрксіб ауданы аумағында Волочаевская көшесінің бойында көлемі 30 текше метр топырақ түсіп, өзен арнасын жартылай жауып қалды. Қазіргі уақытта құтқару қызметі тазарту жұмыстарын жүргізуде», - дейді Түрксіб ауданы ТЖБ аға инженері Ерасыл Жолдыбаев.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!