Талғар өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзенінің деңгейі көтеріліп, оның сол жағалауында орналасқан балама жолды су шайып кетті.
Фото: instagram / enbekshikazakh_audan_akimdigi
11:56 23.05.2024
«Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады», - деп атап өтті аудандық әкімдіктен.
Әкімдіктің мәліметінше, көпірдегі қозғалыс шектелген. Алайда айналма жол Құлжа тас жолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек би жолдары ашық.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділовтың тапсырмасы бойынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.
«Қазір өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жүріп жатыр», - деп атап өтті әкімдіктен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары