{metadescription}
Президенттің Сингапурге сапары аясында 6 маңызды құжатқа қол қойылды

Президенттің Сингапурге сапары аясында 6 маңызды құжатқа қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және  ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды. 

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде