{metadescription}
Биылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу аяқталды

Биылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу аяқталды

2024 жылғы ҰБТ-ға 186 мыңға жуық талапкерден екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мыңға жуық өтініш қабылданды. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынан хабарланды. 

Оның ішінде тест тапсырушылардың 75%-ы — қазақ тілінде, 25% -ы — орыс тілінде, 229 адам — ағылшын тілінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі.

Бұл ретте әр талапкер тестілеуді екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Айта кетейік, талапкерлер тестілеуге өтініш беру барысында екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі.

Түлектердің 16%-ы — «Математика-Физика», 16%-ы — «Биология-Химия», 13%-ы — «Шығармашылық», 11%-ы — «Математика-Информатика» пәндерін таңдады.

Қалған талапкерлер колледжден кейінгі қысқартылған оқу түрін таңдады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде