Әділбек Өмірәлиев Qazaq Air басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарады
QAZAQ AIR басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды.
Фото: QAZAQ AIR баспасөз қызметі
16:51 24.05.2024
21 мамырдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес «QAZAQAIR» АҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқару «QAZAQ AIR» АҚ басқарма мүшесі — қаржы директоры Әділбек Жұмабайұлы Өмірәлиевке жүктелді. Әділбек Өмірәлиев 2010 жылдан бастап «Самұрық — Қазына» АҚ-ның активтерді басқару салалық блогында жұмыс істеді және қордың кадр резервіне кірді.
2019 жылы ол «QAZAQ AIR» АҚ-ның қаржы директоры — басқарма мүшесілауазымына ауысты. 2007-2009 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ және «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінде жұмыс істеген. Әділбек Өмірәлиев М. Ломоносов атындағы ММУ қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша білім алып, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
European University Business School білім ордасында халықаралық бизнес мамандығы бойынша МБА дәрежесін алды, сондай-ақ ол IATA бағдарламасы бойынша Airline Management дипломының иегері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!