Бектенов Ашхабадта Сердар Бердімұхамедовпен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркіменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Фото: primeminister.kz
18:46 24.05.2024
Ашхабадта Олжас Бектеновті Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады. ҚР Үкіметінің басшысы Түрікменстан Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Әңгімелесу барысында өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі атап өтілді. Екі ел арасындағы тауар айналымы бір жылда 28%-ға артып, $563 млн-ды құраған. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы $105 млн-ға жетті.
Газ саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен қазақ-түрікмен жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!