{metadescription}
Павлодарда полицияға 4 айда адам жоғалғаны туралы 118 өтініш түскен

Павлодарда полицияға 4 айда адам жоғалғаны туралы 118 өтініш түскен

Павлодар облысының полициясына жыл басынан азаматтардың хабар-ошарсыз кеткені туралы 118 өтініш келіп түскен.

Жедел уәкілдердің күшімен 115 азаматтың орналасқан жері анықталып, тез арада табылған, деп жазады kazinform

- Адамдардың жоғалуының басты себебі – алкогольге тәуелділік. Сондай-ақ отбасындағы шиеленісті қарым-қатынастар да үлкен әсер ететіні байқалады. Кейбірі өз жоспарлары туралы ешкімді хабардар етпей кетіп үйден кетіп қалады, - дейді өңірлік полиция департаменті криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жамиев.

Мәселен, биылғы 11 мамыр күні Павлодар қаласына қарасты Жаңаауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінен 36 жастағы әйел анықталды. Ол көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқан. Алайда туыстарымен байланысқа шықпаған. Себебі олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде