{metadescription}
Алматыда бір уақытта екі өрт болды

Алматыда бір уақытта екі өрт болды

Алматылық құтқарушылар бір мезгілде екі өртті сөндірді. 

Бірінші оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман шағынауданында болған. Тұрғын үйдің жертөлесінде макулатура жанып кеткен.

Тұрғындар пәтерінен өз бетімен шыққан. Алматылық құтқарушылар шақыртудан кейін жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндірді.

Екінші оқиға Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үйде болды. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.   

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде