{metadescription}
Қарақшылар ауылды ойрандап, 160 адамды ұрлап әкетті

Қарақшылар ауылды ойрандап, 160 адамды ұрлап әкетті

Нигерияның орталығындағы Нигер штатында содырлардың шабуылынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 160 адам ұрланған, деп хабарлады жергілікті билік BBC-ге.

«Боко Харам» исламшыл тобынан болуы мүмкін қарулы содырлар жұма күні кешке Кучи ауылына кірді, деп хабарлады жергілікті кеңес төрағасы Амину Абдулхамид Нажуме BBC World Service.

Оның айтуынша, ұрланғандар арасында негізінен әйелдер мен балалар, ал қаза тапқандар арасында ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жергілікті тұрғындар бар.

Мәліметке қарағанда, содырлар ауылға мотоциклмен кіріп, онда екі сағаттан астам уақыт өткізіп, осы уақыт ішінде өздеріне тамақ әзірлеп үлгерген.

Осыдан кейін олар үй-үйді тонап, жергілікті тұрғындарды алып кеткен.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы жаппай ұрлауға қатты алаңдайтынын мәлімдеді.

«Содырлардың ауылға басып кіруі — Нигерия билігінің адамдардың өмірін толықтай қорғай алмағанының тағы бір дәлелі, — делінген хабарламада. — 2021 жылдан бері содырлар Кучи ауылына үнемі шабуыл жасап, әйелдер мен қыздарды зорлап келеді».

Ұйымның мәліметінше, содырлар тұрғындардан көп мөлшерде ақша талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде