{metadescription}
Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған, деп жазады kazinform.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген.

Алайда, меншік иесі талапты орындамады, осыған байланысты іс сотқа жолданды. 

«2024 жылы 27 наурыз күні Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды», — деп хабарлады басқармадан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде