Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керек – Үкімет басшысы
Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.
Фото: rail-news.kz
11:45 28.05.2024
«Машина жасау саласында автомобиль өндірісі жетекші рөл атқарады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 37 пайызға өсті. 2025-ші жылға қарай жеңіл автомобильдер өндірісін 160 мың бірлікке дейін, жолаушылар вагондары өндірісін 100 бірлікке дейін, локомотивтер өндірісін 120-ға дейін, платформалар өндірісін 500-ге дейін және жартылай вагондар өндірісін 1,5 мыңға дейін ұлғайту қажет», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Премьер-Министр Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керектігіне назар аудартты.
«Өйткені, онда теміржол көлігіне және магистральдық жолдарға арналған өнімдердің бүкіл желісі игерілген», - деді Олжас Бектенов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!