{metadescription}
Алматының бірнеше ықшам ауданында су беру уақытша тоқтатылды

Алматының бірнеше ықшам ауданында су беру уақытша тоқтатылды

Бостандық ауданында орналасқан электр желілерінде апат болып, салдарынан мегаполистің бірнеше ықшам ауданында су беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады. 

– Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі электр желілеріндегі апатқа байланысты «Асқартау», «Ерменсай», «Ақтөбе» ықшам ауданының тұрғындары сусыз қалады. Алдын ала болжам бойынша, электр энергиясының берілу уақыты – 16:00, - делінген хабарламада. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде