Анастасия Заворотнюк қайтыс болды
Анастасия Заворотнюк 54 жасында қайтыс болды. Қайғылы жаңалық актрисаның жеке парақшасында 2024 жылдың 30 мамырында жарияланды. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі біраз жылдан бері ми ісігімен күресіп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Instagram/a_zavorotnyuk
12:44 30.05.2024
Instagram парақшасында жарияланған хабарламада:
"Бұл жерге орынды сөзді табу қиын-ақ. Бүгін түнде ұзақ жылдардан бері қатерлі аурумен күресіп келе жатқан біздің Настя өмірден өтті. Сіздердің ол үшін шын жүректен тілеген жақсылықтарыңызға, тілек пен дұғаларыңыздың барлығына алғысымызды білдіреміз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады"
Қоштасу орны мен уақыты туралы қосымша хабарланады. Сонымен қатар, актрисаның үлкен қызы Анна Заворотнюк бірлескен фотосуретті жариялады және 8 жыл бұрын болған оқиғаны есіне алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!