Өскеменде есірткі зертханасы анықталып, 41 жастағы тұрғын қамауға алынды
Өскемен қаласында есірткі зертханасы анықталып, 100 келі мефедронның сатылымға шығуына жол берілмеді.
Фото: ШҚО ПД
14:43 30.05.2024
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі зертханасына айналған жертөледе зертханалық жабдықтарды, прекурсорларды және сатуға дайын тұрған аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі.
«Сараптамаға сәйкес, тәртіп сақшылары 1,4 келі мефедрон мен 1,6 тонна химиялық сұйықтықты тәркіленді. Осылайша, полиция қызметкерлері шамамен 100 келі синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.
Есірткі зертханасының жабдықтарын жинап, тыйым салынған заттарды жасаумен айналысқан 41 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!