Атырау облысының тұрғындары полицияға 36 қару мен 76 оқ-дәрі тапсырды
Атырау облысының тұрғындары полицияға 36 қару мен 76 оқ-дәріні тапсырды.
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
15:50 30.05.2024
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 22 сәуірден бері тұрғындардан заңсыз қаруларды сатып алу акциясы өтіп жатыр.
«Акцияның мақсаты – түрлі қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін азаматтардан заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу. Атырау облысының тұрғындарынан 36 атыс қаруы мен 76 оқ-дәрі қабылданды. Қазір тиісті құжаттары жасақталып жатыр. Мемлекет тарапынан өз еркімен қару мен оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды тапсырған тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде сыйақы беріледі. Өз еркі қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары