Түркістан облысында суға батып кеткен 17 жастағы бозбала қайтыс болды
Түркістан облысының құтқарушылары тыйым салған жерде шомылып, суға батып кеткен баланың денесін тапты.
Фото: ТЖМ
17:44 30.05.2024
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы туған бала Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды. Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.
«ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді!» - делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!