Алматыда 1275 адамды кене шаққан
Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы медицина мекемелеріне кене шаққан 1275 тұрғын жүгінді, оның ішінде 619 -ы 14 жасқа дейінгі балалар.
09:46 31.05.2024
«Шұғыл медициналық көмек барлығына дер кезінде көрсетіліп, белгілері бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене энцефалиті тіркелген жоқ», - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Эпидемиологтың айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы вакцинация.
«Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну керек, онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салынады», - деп атап өтті дәрігер.
Кене инфекцияларының алдын алу мақсатында осы жылдың 13-ші мамырынан бастап қалалық саябақтар мен скверлерде өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.
Өңдеу жұмыстары Алатау, Алмалы, Әуезов және Жетісу аудандарында аяқталды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!