{metadescription}
Алматыда 1980 жылдан бастап пайдаланылған 1,5 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады

Алматыда 1980 жылдан бастап пайдаланылған 1,5 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады

2024 жылдың 3-15 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Жетісу ауданы Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін көлік қозғалысы жабылады (Бродский көшесі, 37Г).

«Алматы жылу желілері» ЖШС қозғалыстың екі бағытта да шектелетінін мәлімдеді.

«1980 жылы пайдалануға берілген аталған көше бойындағы 1502,5 метр құбырды ауыстыру кезіндегі жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 73 нысанды жылы және ыстық сумен қамтамасызһ етеді. Реконструкция кезінде осы аумақта тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету тоқтамайды, — деп жазды мекемеден.

ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуға және көрсетілген аймақты айналып өтудің жолдарын алдын-ала ойластыруды сұрайды.

Дереккөз: kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде