Қарағанды облысындағы тас жолда жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті
ЖКО 2 маусымда Қарағанды облысының тас жолында орын алып, 11 адамға медициналық көмек көрсетілді.
Фото: ТЖМ
10:12 03.06.2024
ҚР ТЖМ АМО филиалының "Балхаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері Алматы-Екатеринбург трассасының 621 шақырымында жол-көлік оқиғасына шақыру бойынша шықты.
Зардап шеккен 11 адамға медициналық көмек көрсетіліп, бір бала Балхаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!