{metadescription}
Шығыс Қазақстанда үш жасар бала суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бала Уланка өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
10:45 03.06.2024
Қайғылы оқиға 2 маусым күні Ұлан ауданының Жанұзақ ауылында болды.
ШҚО ТЖ департаментінің ақпаратынша, Уланка өзенінде 2021 жылы туған бала батып кеткен. Алдын ала болжам бойынша ол ата-анасының қарауынсыз қалған.
Облыстық ТЖД ата-аналардан балаларын көзден таса қылмауды сұрайды. Балаларды су айдындарына ойнауға жібермеген жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!