Қарағанды облысында әкімдіктің бұрынғы бухгалтері 5 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды
Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлім етті.
12:10 03.06.2024
«Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді», - делінген хабарламада.
Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары