{metadescription}
Қазақстанда 40 градусқа дейін күн ысиды
Әсіресе, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңіріне қатысты, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.
12:54 03.06.2024
2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
Метеорологтар атап өткендей, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады.
Сондай-ақ Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілетіні айтылған:
- республиканың батысында +30+39 °C дейін,
- солтүстік-батыста +25+35 °С дейін,
- солтүстікте +23+30 °С,
- Республиканың орталығында және шығысында +25+33 °C дейін,
- оңтүстігінде +35+40 °С дейін,
- оңтүстік-шығыста +28+35 °C дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!