Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Қазақстан Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Қайратұлы Кәрімов ведомстваның аппарат жетекшісі лауазымына тағайындалды.
Фото: gov.kz
14:02 03.06.2024
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Азамат Қайратұлы қазақ мемлекеттік заң университетін, Ресейдің мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.
Еңбек өтілі 2014 жылы «Қазпошта» АҚ бастау алды.
2014 -2015 жж -«Қазпошта» АҚ «Пошта қызметінің» бас маманы.
2015-2019 жж - Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінде кадрда қызмет етті.
2019-2020 жж – Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту бойынша басқарманың бас маманы.
2020-2021 жж -Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшы.
2021-2023 жж - Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің басқарма басшысы.
2023 ж - Қазақстан Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлім секторының меңгерушісі.
2024 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!