{metadescription}
Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы шамалы түсті.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,08 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447,25 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446,7 теңге, сатып алу – 448,3теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңгеден болса, сатып алу – 449 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада көрші ел валютасы 4,92 – 5,02 теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде