Оралда зауыт жұмысшысы қаза тапты
Оралда әк зауытында қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
17:54 03.06.2024
БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармадан мәлім еткеніндей, аталған зауытта 27 мамырға қараған түні шамамен сағат 02.45-те бос вагондарды тасымалдаушы, 1973 жылғы ер адам жазатайым оқиғаға тап болған.
«Бос вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. Салдарынан жедел жәрдем шақыртылып, зардап шегушіні алып кеткен. ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес 28 мамыр күні жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторымен бірге оқиға орнына барылып, фото-видео фиксация жасалды. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өлімі бойынша Зачаган полиция бөлімінің қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!