Алматыда Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
Алматыда Рәміздер күніне орай Медеу мұз айдынында көк ту көкке көтерілді.
Фото: Алматы әкімдігі
13:39 04.06.2024
Байрақ мемлекеттік Әнұран шырқалғанда тұғырға көтерілді. Патриоттық іс-шара «Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты. Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар мен Әнұран салтанатты түрде шырқалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің Әнұранын орындады.
Мерекелік іс-шаралар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концертімен аяқталады.
Еске салайық, 2019 жылы Медеуге Алматыдағы ең үлкен Мемлекеттік ту орнатылған болатын. Тутұғырдың биіктігі - 40 метр. Тудың ені - 7 метр, ұзындығы - 14 метр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!