{metadescription}
Мемлекеттік құпияларды жариялаған Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері сотталды

Мемлекеттік құпияларды жариялаған Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл - мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды. Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.

«Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде